Испанияда халық қымбатшылыққа қарсы шеруге шықты

Испанияда халық қымбатшылыққа қарсы шеруге шықты

Қымбатшылық елді алаңдатты. Мадридте биліктің қауқарсыздығына ашынған халық көшеге шықты. 

Шаһар көшелеріне 3 мыңға жуық адам жиналған.

Тұрғындардың айтуынша, азық-түлік, жанармай, пәтерақы мен қуат көздерінің бағасы күн өткен сайын көтеріліп барады. Халық алдағы қыстан қалай шығамыз деп алаңдаулы. Кәсіподақ мүшелері биліктен қызметкерлердің жалақысын көтеруді талап етіп отыр. Жергілікті билік соңғы екі айдың ішінде инфляцияға қарсы тиісті шараларды қолға алғанмен бұқараның жағдайы оңалар емес дейді жиналғандар. Ал Үкімет жақын арада тағы 3 млрд доллар бөліп, қосымша шаралар қолға алынатынын мәлімдеді.