Францияда экобелсенділер электр энергиясын үнемдеуге кіріскен

Францияда экобелсенділер электр энергиясын үнемдеуге кіріскен

Олар түнде дүкендердің жарықтандыру жүйесі мен жарнамалық қалқандарын өшіріп тастап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұны сауда орнының иесімен ақылдаспай істейді. Айта кеткен жөн, қазір Еуропада газ тапшылығына байланысты электр энергиясын үнемдеудің қатаң шаралары қолға алынған. Мәселен, кейбір елде үйдің ішіндегі жылыту жүйелеріндегі температураны көрсетілген межеден асыруға болмайды. Енді бірінде кондиционер қосулы тұрған дүкендердің есігін ашып кеткен үшін айыппұл қарастырылған. Бұған дейін Франция билігі тұрғындарды электр энергиясын ақылмен пайдалануға шақырған. Алайда экобелсенділердің айтуынша, кәсіпкерлердің оған құлақ асып жатқаны шамалы.