Еуроодақ Босния және Герцеговинада әскери жаттығу өткізіп жатыр

Босния және Герцеговинада Еуроодақтың бітімгерлік миссиясы әскери оқу-жаттығу өткізіп жатыр.

Ауқымды шараға одақтың 20 елі мен Итаия, Австрия және Түркияның әскерилері қатысты. Онда сарбаздар Боснияға төнген кез-келген қауіпке төтеп беруге арналған жаттығуларды пысықтамақ. Шараға әскери ұшақтар мен танктер тартылды. Биыл Еуропалық Одақ Босния және Герцеговинадағы ахуалдың ушығуына байланысты аймақта өз әскер санын арттыру керек деген шешімге келген еді.