АҚШ-та өткен жылы 4 кластасын өлтірген оқушының соты өтті

АҚШ-та өткен жылы 4 кластасын өлтірген оқушының соты өтті

АҚШ-та өткен жылы мектепте оқ жаудырып, төрт сыныптасын өлтірген жасөспірім кінәсін толығымен мойындады.

Прокурордың оқыған барлық айыптарына ол «иә» деп жауап берді. 16 жастағы Итан Крамбли былтыр қарашада Детройттың жанындағы Оксфорд орта мектебінде жасаған қылмысы үшін өмірбойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Үкімді оқу келер жылы ақпанның 9-на белгіленді. Айыпталушының адвокадттары оның ақыл есі дұрыс емес деген хабарламасын қайтарып алған. Қандықол оқушының ата-анасы да адам өліміне қатысты сот алдында жауап беруі ықтимал. Аймақтық соттың судьясы қолда бар дәлелер көрсеткендей жасөспірімнің қиын мінез-құлқын біле тұра әке-шешесі тапанша сыйға тартқан деп айыптады. Бұл АҚШ тарихында мектепке оқ жаудырған оқушы үшін ата-анасына тағылған алғашқы айып болуы мүмкін. Дегенмен, олар кінәсін мойындаған жоқ. Прокурорлардың айтуынша, қайғылы оқиғадан төрт күн бұрын әкесі Итан Кармблиді қару дүкеніне ертіп апарып, 9 мм тапанша сатып әперген.