Угандада Эбола дерті ушықты

Угандада Эбола дерті ушықты

Угандада Эбола дерті қайта ушықты.

Елдің денсаулық сақтау министрлігі Кампала қаласында қауіпті вирустан 15 адамның көз жұмғанын хабарлады. Мамандардың айтуынша індет шығыс Африканың тағы бірнеше елінде де өршіп тұр. Дәрігерлер эпидемиологиялық ахуал қиындаса, қоғамдық орындардың көбі жабылуы мүмкін дейді. Бұл жаңалыққа жергілікті кәсіпкерлер алаңдаушылық білдіріп отыр. Мәселен ковид пандемиясынан кейін көбі, кәсібін қайта жандандыра бастады. Дәрігерлер болса, халықты жеке бас гигиенаны сақтап, дене қызуын үнемі тексеріп отыруға шақырады.