Мьянмада әскери ұшақтардың шабуылынан 60-тан астам адам қаза тапты

Мьянмада әскери ұшақтар концертке жиналған халықты бомбалап, 60-тан аса адам қаза тапты.

Тағы 100-ге жуық тұрғын жарақат алды. Оқиға елдің солтүстігінде Качин штатында болды. Шабуыл аймақта әскерилер билігіне қарсы тәуелсіз Качин ұйымының құрылуын, атап өтіп жатқанда жасалған. Мьянмада былтыр әскери төңкеріс болды. Сол кезден бастап әскерилер барлық бейбіт шерулерді аяусыз басып, халықтың наразылығы күшейді. Салдарынан кей өңірлерде әскерилерге қарсы жасақтар құрылып, қақтығыстар жиілеген.