Қытайда қарттарға қарайтын маман жетіспейді

Қытайда қарттарға қарайтын маман жетіспейді

Әсіресе медициналық дайындығы бар адамдар тапшы. Бұдан бөлек мүмкіндігі шектеулі жандарды да қарайтын адам жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы деректер бойынша былтыр елде 60-тан асқандардың саны 267 млн болған, ал бұл халықтың 20 пайызға жуығы. Соның ішінде олардың 40 млн-ы мүмкіндігі шектеулі жандар. Қытайдың салт-дәстүріне сәйкес қарт кісілер көбінесе үй жағдайында қаралғанды қалайды. Сондықтан арнайы мейірбикелер немесе үйде қарайтын адамдарға сұраныс күрт өсіп отыр. Олардың айлығы орта есеппен 600-800 долларды болады екен. Енді елде сұранысқа қажетті арнайы мамандарды үйрететін бағдарламалар мен орталықтар саны артпақ.