БҰҰ-ның бас хатшысы Иранда болған лаңкестік әрекетті сынға алды

Кеше мұнда елдің оңтүстігіндегі ШирАз қаласында кесенеге шабуыл жасалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, қарулы содыр мінажат етіп жатқандарға оқ жаудырған. Соңғы мәлімет бойынша, 15 адам қайтыс болды. 40-тан астамы жараланған. Қанды қырғынды «Иран мен Левант лаңкестік тобы» ұйымдастырғаны анықталды.