Конгода концертте жұрт бір-бірін таптап кетті

Конгода концертте жұрт бір-бірін таптап кетті

Конго Демократиялық Республикасында концертке жиылған жұрт, бірін-бірі таптап, 8 адам опат болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қайғылы оқиға ел астанасы Киншаса қаласында болған. Концерт қаладағы ең ірі стадионда өткен екен. Ақпарат құралдары 80 мың адамға арналған нысанда ине-шаншар орын болмаған деп хабарлайды. Көз жұмғандар арасында көрермендермен қатар тәртіп сақшысы да бар.