Үндістан қант экспортын тоқтатты

Үндістан қант экспортын тоқтатты

Үндістанда қант экспортын шектеу келер жылдың қазанына дейін ұзартылды. Шешім биыл 1 маусымда енгізілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені инфляция, яғни азық-түлік бағасы шарықтап кеткен. Шектеу 31 қазанда күшін жою керек болатын. Алайда билік қазір ең алдымен ішкі сұранысты қамтамасыз ету қажет дейді.

Айта кеткен жөн, Үндістан әлемде қантты ең ірі өндірушілердің бірі саналады. Өнім негізінен Ауғанстан, Индонезия, Біріккен Араб Әмірліктері, Малайзия мен Африка елдеріне импортталады.