Үндістанда көпір апатының орнында іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр

Үндістанда көпір апатының орнында іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр

Үндістанның Морби қаласындағы Мачху өзенінде іздестіру-құтқару жұмыстары әлі жүріп жатыр.

Мамандар судың жылдам ағысы қиындық туғызып жатқанын айтады. Ал соңғы мәліметке қарағанда опат болғандардың саны артып, 132 жеткен. Ондаған адам жарақат алды. Жалпы қайғылы оқиға кезінде көпір үстінде 500-ге жуық адам болған. Ұлттық Конгресс өкілдері 19-ғасырда салынған көпір жөндеуден кейін рұқсатсыз ашылды деп, кінәлілерді қатаң жазаға тартуға шақырды.

Куәгер:

- Мен көпір құлағанда жағада болғам. Содан бірден құтқарушыларды шақырып, оларға көмектесуге кірістім. Жапа шеккендер арасында жастар көп. Ауруханаға көп бала жеткіздік.