Ұлыбританияда министр сынға ұшырады

Ұлыбританияда министр сынға ұшырады

Ұлыбритания ішкі істер министрі Суэлла Браверман мигранттар орталықтарындағы жағдайға байланысты сынға ұшырады. Себебі ол парламентте Ла-манш бұғазы арқылы босқындардың көбеюін басқыншылық деп атады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыдан кейін Иммигранттарды қорғау комитеті министрдің бұл сөзі елде босқындар мәселесі тиісті дәрежеде шешіліп жатқанына күмән тудыратынын жеткізді. Ал министр болса, елге келіп жатқан мигранттардың барлығы бірдей босқын емес олардың арасында қылмыскерлер де жетеді дегенді айтады. Осыған байланысты мигранттарды бақылау жүйесін қатаңдатуға шақырып отыр.