Оңтүстік Кореяда қаза тапқандардың саны артты

Оңтүстік Кореяда Хэллоуин мерекесі кезінде болған қыспақтан мерт болғандардың саны 155-ке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 26-сы шет ел азаматы. Марқұмдардың жүзге жуығы қыздар болса, 50-ден астамы ер жігіттер. Бұл ақпаратты елдің ішкі істер және қауіпсіздік министрлігі растады. Бұған дейін 154 адам қаза болды деп хабарланған еді. Соңғы мәлімет бойынша қайғылы оқиғадан тағы 152 тұрғын зардап шеккен. Оның 40-тан астамы әлі ауруханада жатыр.