Сеул мен Вашингтон: әскери жаттығулар басталды

Сеул мен Вашингтон: әскери жаттығулар басталды

АҚШ пен Оңтүстік Корея бірлесіп әскери жаттығулар өткізіп жатыр. Дайындық жұмыстарына 200-ден астам жауынгерлік ұшақ, оның ішінде көрінбейтін ұшу аппараттары да қатысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әскери жаттығуларға құрлық күштерімен қатар теңіз күштері де тартылған. Жоспар бойынша жаттығулар қарашаның 4-не дейін жалғасады. Осылайша екі ел арасындағы бірлескен әскери операциялар Солтүстік Кореяның ядролық қаруды сынауын тежейді деген үміт бар. Ресми Пхеньян болса, бұл әрекеттерді «арандатушылық» деп атап, егер қажет болса, бұған күшті жауап қайтаратынын ескертті.