Египетте Тутанхамон мазарының табылғанына – 100 жыл

Египетте Тутанхамон мазарының табылғанына – 100 жыл

Египетте перғауын Тутанхамонның қабірі ашылғанына 100 жыл толуы аталып өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оны 1922 жылы Ағылшын археологы Говард Картер мен мысыртанушы Джордж Карнарвон «Патшалар алқабынан» тапқан еді. Ғалымдар мазардан перғауынның өте жақсы сақталған бальзамдалған мәйітін, алтын маска және тағы 5 мыңнан аса заттың барын анықтады. Олардың ішінде Тутанхамон пайдаланған 6 күйме арбаны да атап өтуге болады. Жалпы перғауынның мазарын ашу Египет пен әлемдік археология тарихында елеулі оқиғаның бірі болды.