«Астық келісімі» қайта іске қосылады – әлемде

«Астық келісімі» қайта іске қосылады – әлемде

Астық дәлізі өз жұмысын қалпына келтіреді. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресей Қорғаныс министрімен жасалған келіссөздерден кейін мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ресей Федерациясының Украина астығын экспорттау жөніндегі мәміле сәрсенбіде қайта іске қосылады. Сергей Шойгудың айтуынша, Ресей Украинадан қарулы қақтығыстарда астық дәлізін пайдаланбау кепілдігін алған.