Мексикада тропикалық дауыл ойран салды

Мексикада тропикалық дауыл ойран салды

Мексиканың оңтүстігінде «Лиза» тропикалық дауыл соқты. АҚШ-тың дауылды бақылау ұлттық орталығының мәліметі бойынша желдің екпіні сағатына 45 шақырымға дейін жеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 3 елді мекеннің 405 мыңға жуық тұрғыны жарықсыз қалды. Қатты желден 70-ке жуық баспана мен өзге де құрылыс нысандарына зақым келген. Көшелерде ағаштар құлап, көліктер қираған. Кей өңірлерде су тасқыны басталды. Аймақтағы мектептер уақытша жұмысын тоқтатты. Қауіпті өңірлерден шамамен 143 адам эвакуацияланды. Зардап шеккендер мен мерт болғандар жайлы ақпарат түскен жоқ. Мамандар енді дауыл Гватемаланың солтүстігіне қарай бет алғанын хабарлайды.