Австралияда кибершабуыл күшейді

Австралияда кибершабуыл күшейді

Австралияда былтыр өзге елдер қаржыландыратын қылмыстық топтардың кибершаубылы үдеген. Бұл туралы осы елдің Киберқауіпсіздік жөніндегі орталығы хабарлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәліметке қарағанда, өткен жылы осындай 76 мың жағдай тіркелген. Олардың жартысынан көбі алаяқтық пен ұрлыққа бағытталған. Орталық мамандары «қылмыскерлер кибер кеңіс-тікті шайқас алаңына айналдырып жіберді», – дейді. 

Энтони Альбаниз, Австралия премьер-министрі:

Бұл жағдай бізді алаңдатады. Компаниялар қауіп-қатерге қарсы тұру үшін бірлесіп әрекет етуі керек. Еліміздің байланыс басқармасы мен киберқауіпсіздік бойынша өзге де агенттіктер осыны ескертіп, түрлі шараларды қолға алып жатыр. Жекеменшік сектор оған белсенді түрде атсалысуы қажет.