Венесуэлада су тасқынынан 7 адам қаза тапты

Венесуэлада су тасқынынан 7 адам қаза тапты

Венесуэлада толассыз жауынның арты тасқынға ұласып, одан лай көшкіні жүрді.

Аласапыранда 7 адам опат болды. Оның біреуі бала. Бұдан бөлек үйлерге және автокөліктерге зақым келген. Біраз көлік лай астында көміліп қалды. Қазір тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Билік апаттан келген шығынды есептеуге кірісті.