Нью-Делиде жұрт ауыр дем алып жүргендігіне шағымданды

Үндістан астанасын бірнеше күннен бері тұмшалаған көк түтін әлі сейілмей тұр.

Осының кесірінен аруханаларда тыныс алу жүйелеріне шағымданған азаматтар көбейген. Шаһарда бастауыш сыныптар оқуы тоқтатылып, балалармен далада сабақ өткізуге тыйым салынды. Шаһар ауасының ластану деңгейі халықаралық ауа сапасы көрсеткішінен жүздеген есе асып кеткен. Мамандар бұған көліктен шыққан түтін мен егістік сабақтарын жағу себеп деп отыр.

Тадж Мохаммад, Нью-Дели тұрғыны:

- Бұған дейін серуендеп шыққанда тынысым тарылмаушы еді. Қазір күнделікті жүріп жүрген жеріме жете алмай, қиналып қаламын. Үкімет мәселені шешу үшін шұғыл шаралар қабылдауы керек шығар.