Қытайда әуе шоуы басталды

Қытайда 14-халықаралық әуе шоуы басталды.

Гуандун провинциясының Чжухай қаласында ұйымдастырылған шара қарашаның 8-інен 13-іне дейін жалғаспақ. Онда бірінші күннен бастап көрсетілген түрлі трюктер көрермендердің көңілін аулап, естен кетпес әсер қалдыруда. Бүгін 6 жойғыш ұшақ бір-бірімен ілесе ұшып, көк аспанды түрлі түске бояды. Шараға әлемнің 740 компаниясынан мыңдаған экспонат тартылған. Жалпы әуе шоуына  жаһанның 43 мемлекеті қатысуда. Оның ішінде АҚШ, Франция, Германия, Италия, Сауд Арабиясы мен Ресей бар.  Жоспар бойынша көрермендер 100 ұшақ пен өзге де әуе техникасын тамашалай алады.