Мексика билігі ерекше жағдайда есірткі тәркіледі

Кокаин Тынық мұхитта елеусіз қалқып жүрген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда қырағы әскер мен теңізшілер күдікті затты байқап, судан шығарғанда оның 1 тонна 300 келі кокаин екенін анықтады. Арнайы операция Чьяпас штатының жағасында өткен. Сарапшылар соңғы 30 жылда есірткі қылмыстық топтарының белсенділігі бір сәтке де бәсеңдемегенін, керісінше жыл санап үдеп жатқанын айтады. Аталған кезеңде Кариб теңізіндегі негізгі дәліз Орталық Америка мен Мексика жаққа ауысқан. Кейбір деректер бойынша қазір АҚШ-та қолданылатын кокаинның 90% осы бағыт арқылы тасымалданады.