Иранның ядролық нысандарына қатысты күдік күшейді

АҚШ бастаған бірнеше ел Ираннан 3 ядролық нысаннан уран қалдықтарының табылуын түсіндіруді талап етті.

Аталған елдер мәселеге қатысты БҰҰ-ның Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктен тиісті қарар қабылдауды сұрады. Құжатта тараптар Тегераннан оқиғамен байланысты барлық жайтты ашық айтып, нысандарды тексеруге рұқсат беруді көтерген. Ресми Тегеран болса оған қатысты әлі мәлімдеме жасаған жоқ. Бірақ келесі аптада БҰҰ агенттігі Кеңесінің отырысынан кейін Халықаралық ұйым өкілін қабылдауға келіскен.