Колумбияда су тасқынына байланысты тұрғындар эвакуацияланды

Колумбияда су тасқынына байланысты тұрғындар эвакуацияланды

Колумбияда жауын селдетіп, көптеген елді мекенді су басып жатыр.

400-ге жуық қалада төтенше жағдай қызметі жоғары әзірлік жағдайына келтірілді. Табиғат апатынан Хуанчито қаласының тұрғындары көп зардап шегіп жатыр. Шелектеп құйған жаңбырдан қаланы лезде су басқан. Апат аудандарынан тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жүргізіліп жатыр. Опат болғандар туралы ақпарат жоқ. Ал ауа райын болжаушылар қазір Колумбия соңғы 40 жылда болмаған жаңбырлы маусымды бастан кешіп жатқанын айтады. Мамандар мұны климаттың өзгеруімен байланыстырып отыр.