Флорида штатында «Николь» дауылынан 4 адам қаза тапты

Флорида штатында «Николь» дауылынан 4 адам қаза тапты

АҚШ-тың Флорида штатында "Николь" дауылынан 4 адам қаза тапты.

Марқұмдардың екеуі дүлей жел кезінде тоққа түсіп көз жұмса, қалған екеуі жол көлік апатына ұшыраған. Қазір аймақта табиғат апатының салдарымен күрес жүріп жатыр. Дауылдың кесірінен 350 мыңға жуық үй мен ғимарат жарықсыз қалды. Бұл аздай кей жерлерде толассыз жауын жауып, су басты. Қазір шығын көлемі анықталып жатыр.