80 ЖЫЛДАН КЕЙІН МҰЗДЫҚТАРДЫҢ КӨБІ ЕРІП КЕТЕДІ | Әлем

Египетте БҰҰ-ның климаттық конференциясы өтіп жатыр. Сарапшылар шара ғаламдық жылынуды тежеудің жаңа мүмкіндігі дейді.

Әйтпесе мұздықтар мерзімінен бұрын жойылып кетуі мүмкін. Болжам бойынша 2100 жылы тек биік шыңдарда ғана мұздар қалады. АҚШ-та 4 жылға сайланған АҚШ президентінің екі жылы өткен соң болатын аралық сайлау өтті. Ол мемлекеттің 2023-2024 жылдарға арналған ішкі және сыртқы саясатының бағытын алдын ала болжауға мүмкіндік береді. Ал Украина әскері Херсонға кірді. Елде атыс-шабыстан энергетикалық нысандарға зақым келді. Салдарынан тұрғындар жарықсыз отыр.