АҚШ Сенатын демократтар басқаратын болады

АҚШ-та Сенатты демократтар басқаратын болады.

Невададағы жеңіс шешуші роль атқарды. Таяуда Аризонада да олардың жинаған дауыстары басым болған. Осылайша Демократиялық партия Сенатта 50 орынға, ал республикалықтар 49 орынға ие болды. Дауыс беру нәтижесі белгісіз болып тұрған жалғыз штат Джорджия. Мұнда желтоқсанның 6-сы күні сайлаудың екінші туры өтуі тиіс. Бұған себеп кандидаттардың ешқайсысы бірінші турда 50%-тен астам дауыс жинамаған. Бірақ Сенаттағы орындар саны бірдей болса да АҚШ-тың вице-президенті демократиялық Камала Харристің дауысы шешуші болады. Сондықтан алдағы екі жылда Сенатты басқару демократтардың қолында болмақ.