Бали G20 саммитін қабылдауға дайын

Индонезия G20 саммитінің қатысушыларын қабылдауға сақадай сай дайын.

Қарашаның 15-16 аралығында өтетін халықаралық жиынға байланысты елде қауіпсіздік шаралары мейлінше күшейтілген. Қатысушылардың көліктері, құжаттары қатаң тескерілмек. Осы жолғы G20 Саммитінің басты ұраны “Бірге қалыпқа келеміз, бірге күштіміз” делінген. Қадірлі меймандарды ары бері тасуға бас-аяғы 1000-ға жуық электромобиль тартылған. Арал әуежайдан бастап, саммит өтетін басты көшеге дейін ел туы түстес қызыл мен ақ аралас түстермен безендірілген. Осылайша, G20 көшбасшылары Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстар басталғалы алғаш рет бас қосайын деп отыр.