Түркияда жарылысқа қатысты 20-дан астам адам қамауға алынды

Түркия полициясы Ыстамбұлда жарылыс жасаған күдіктіні ұстаған бейнежазбаны жария етті.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Истиклал көшесіне бомба тастап кеткен - осы әйел. Жарылыстан 6 адам қаза тауып, 80-нен астамы жарақат алған. Зардап шеккендер арасында шетелдіктер бар. Дегенмен, Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы Ыстамбұлдағы еліміздің бас консулдығы хабарлады. Түркия президенті оқиғаны террорлық әрекет деп атады. Полиция бұл елде лаңкестік ұйым саналатын "Күрдістан жұмысшы партиясының" ісі болуы мүмкін дейді. Күдікті әйелден өзге осы іске қатысты тағы 20-дан аса адам тұтқындалған.