АҚШ-та университеттегі атыстан 3 адам қаза тапты

АҚШ-та университеттегі атыстан 3 адам қаза тапты

АҚШ-тағы университетте оқ атылды. 3 адам көз жұмып, тағы екеуі жарақат алған.

Оқиға Вирджиния штатында болған. Жергілікті ақпарат құралдары оқ атқан мектеп оқушысы екенін хабарлайды. Қаскөй оқиға орнынан ізін суытқан. Қазір оны полиция іздестіріп жатыр. Айта кеткен жөн, АҚШ-та биыл алғашқы жарты жыл ішінде 300-ден аса жаппай атыс оқиғасы болған.