Акционер Ричард Торнетта Илон Маскты сотқа берді

«Тесла» компаниясы акционерлерінің бірі оның басшысы Илон Маскты сотқа берді.

Ричард Торнетта кәсіпкерді 2018 жылғы еңбек шартын бұзды деп айыптап отыр. Оның пікірінше, Маск өзінің бірлестіктегі ықпалын пайдаланып, осындай келісімге қол жеткізген. Бірақ шартта көрсетілгендей, жұмысында көп болмаған. Осыған байланысты соттан оның жалақысына қатысты белгілеген келісімнің күшін жойып, ол бойынша алған 56 млрд доллар сыйақыны қайтаруды талап етуде. Алайда компания басшылығы: «Масктың міндеті жұмыста көп отыру емес, оның дамуына қол жеткізу және кәсіпкер бұл істі өте жақсы атқарып келе жатыр», – дейді.