ЕО қару-жарақты көбейтеді

Одақ елдерінің Қорғаныс министрлерімен кездесуден кейін Ұйымның Сыртқы істер басшысы Жозеп Боррель осылай деді.

Осылайша, олар 2025 жылға қарай әскери бюджетті 70 млрд еуроға ұлғайтуды көздеп отыр. Алайда Еуропалық қорғаныс агенттігі: «Жобаларды жүзеге асыру үшін бірігіп әрекет ету керек», – дейді.

Жозеп Боррель, ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпісіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі:

- Әскери әлеуетімізді күшейтуге қатысты ынтымақтастықты арттыру қажет. Біз қорғаныс саласына бөлінетін шығынның 35% бірлескен жобаларға жұмсауымыз керек. Қазір ол 18% құрайды.