Швеция Ата Заңын өзгертеді

Швеция парламенті лаңкестікке қарсы заңнаманы күшейту мақсатында Конституциясына өзгерістер енгізді.

Шешім елдің НАТО-ға кіруі үшін қабылданды. Себебі, Түркия Швецияның солтүстік альянсқа мүше болуы үшін бірқатар талап қойған еді. Енді жаңа өзгерістерге сай Стокгольм лаңкестік деп таныған күрд ұйымдарымен байланысты тұлғаларға қарсы тергеу жүргізе алады. Бұған дейін Швеция билігі мұндай ұйымдардың мүшелеріне баспана беріп келген болатын. Конституцияға өзгерістер қаңтардан бастап күшіне енеді.