Польша аумағына құлаған зымыранды тергеуге Украинаның қатысуы үшін АҚШ-тың келісімі қажет

Польша президенті Анджей Дуда ресми Киевтің тергеу амалдарына қатысу туралы өтінішіне осылай деп жауап берді.

Қазір оны тексерумен поляк және америкалық мамандар ғана айналысып жатыр. Сейсенбі күні Польшаның Украинамен шекарасына жақын жерге зымыран құлап, 2 адам қаза тапты. Қаруды қай елдің әскері жібергені әлі белгісіз. Бірақ ол Ресей бомбаларын атып түсіру үшін Украина күштері ұшырған зымыран болуы мүмкін деген болжам бар.

Анджей Дуда, Польша президенті:

- Зымыранға қатысты тергеуді Польша мен АҚШ мамандары бірге жүргізіп жатыр. Оны бірлесіп атқару туралы ұсынысты АҚШ президенті Джо Байден жасаған еді. Сондықтан оған үшінші тараптың қатысуы үшін қос мемлекеттің рұқсаты керек.