Климаттың өзгеруінен жапа шеккен елдерді қолдау үшін қор құрылмақ

Климаттың өзгеруінен жапа шеккен елдерді қолдау үшін қор құрылмақ

Жаһадық жылыну салдарына қарамастан әлем елдері мәселені шешуде ортақ мәмілеге келе алмай жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Египеттегі конференцияда тараптар климаттың өзгеруінен жапа шеккен елдерге арнайы көмек қорын құруға ғана келісті. Бірақ жаһандық жылынумен күресуге қажетті іс-шаралар бектілмеді. Дегенмен сарапшылар қор құруды ірі жетістік деп бағалап отыр.

Чжао Инминь, ҚХР экология және қоршаған ортаны қорғау министрінің орынбасары:

Конференцияда ежелден дамушы елдерді мазалап келген көп мәселе талқыланды. Оның ішінде климаттың өзгеруінен жапа шеккен елдерге қаржылай қолдау білдіру бар. Бұған қатысты тараптар ұзақ келіссөзден кейін арнайы қор құру туралы келісімге келді. Бұл үлкен нәтиже.