АҚШ-та ризашылық күніне орай саяхатшылардың саны артты

АҚШ әуежайларында жолаушы саны күрт артып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24»

Бұған америкалықтардың ұлттық мерекесі себеп. Сарапшылар биыл саяхаттаушылардың легі соңғы 3 жылда тіркелген ең жоғарғы көрсеткішке жеткенін айтады. Мәселен труистік компаниялардың ұсынған мәліметі бойынша қарашаның 18-інен бастап, айдың соңына дейін 55 млн америкалық, мерекені өзге жерде тойлауға ынтық. Туристердің басым бөлігі әуе және теміржол көлігін таңдайды. Осыған орай компания басшылары ұшқыштар мен қызметкерлердің санын арттырып жатыр. Жолаушылардың қарасы артқанымен, ұшақ билеттерінің құны 2019 жылмен салыстырғанда ел ішіндегі рейстерге, 17%, ал халықаралық рейстерге, 30% артып кеткен. Автобус, пойыз бен круиздік лайнерлердің билеті де шарықтап барады.