Тырысқақ ауруы Малавиде тез тарап жатыр

Тырысқақ ауруы Малавиде тез тарап жатыр

Тырысқақ ауруы африкалық Малавиде жедел тарап жатыр.

Наурыз айында алғаш тіркелген дертпен ауырғандар саны 6 мыңнан асты. 183 адам қайтыс болды. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы қазір ауру Малавидің барлық 29 аймағына тарады, дейді. Өкініштісі, дерттен қорғайтын вакцина саны тапшы. Ол аздай, елде мусон маусымы басталуы мүмкін. Әдетте жаңбыр көп жауса, дерт күшейеді. Тырысқақ эпидемиясы қазір 29 елде бар. Алайда өлім қаупін тудырғанымен дәрігерлер препараттар жеткілікті жағдайда оны тез емдеуге болады дейді.