Шанхайда жаңа дрон түрі дебют жасады

Оның басты қызметі – биік ғимараттарда шыққан өртті сөндіру. Ерекше дрон құлтемір итпен бірге жұмыс істейді, деп хабарлайды «Хабар 24».   

100 метрге дейін биіктікке ұша алады. Бүгін, қаладағы биік ғимараттың бірінде оқу жаттығу жұмысы өтті. Желінің қысқа тұйықталуынан шыққан өрт тез арада сөндірілді. Ол үшін дрон іске қосылып, барлау арқылы тұзақта қалған адамдарды анықтады. Бұл өрт сөндірушілерге тез арада оларды құтқаруға мүмкіндік береді. Дәстүрлі күшпен қатар енді Қытай ұшқышсыз ұшу аппараттарын да пайдаланбақ.