Түркия Сирия аумағына әуеден соққы жасады

Түркия Сирия аумағына әуеден соққы жасады

Түркия Сирияның солтүстігіндегі күрд жасақтарына қарсы тағы бірнеше соққы жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».  Анкара Ыстамбұл қаласында 6 адамның өмірін қиған терактіге Күрдістанның жұмысшы партиясын кінәлайды. Қайғылы оқиғадан кейін Түркия Сирия мен Ирак аумағындағы лаңкестер деп танылған күрдтерге қарсы әскери операциясын жариялады. Күрд жасақтары болса Ыстамбұлдағы терактіге қатысымыз жоқ деп ақталады. Ал Сирия билігі Түркияның бұл операциясын қатаң сынға алды. Айтуынша көрші ел Сирияның егемендігі, халықаралық құқығы мен аумақтық тұтастығын бұзып отыр.

Режеп Тайып Эрдоған, Түркия Президенті:

- Түркия өз қауіпсіздігі үшін ел ішінде және шекара сыртында да тиісті әрекет етуге құқылы. Бұған ешкім де кедергі келтіре алмайды. 

Түркия мен Сирияның шекарасында орналасқан Эль-Камышлы қаласында мыңдаған күрд ереуілге шықты. Жиналғандар әуе шабуылдарына қарсы наразылығын білдіріп, Анкараның кез келген уақытта құрлықтағы операциясын бастайтын мәлімдемесін сынға алды. Ал Алеппода керісінше Түркияның жақтастары шеру ұйымдастырған.