Еуропада Рождестволық жәрмеңкелер басталды

Еуропада рождестволық жәрмеңкелер басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».   

Көп елде коронавирусқа байланысты жәрмеңке 2 жыл бойы өтпеді. Сондықтан да болар, бұл жолы шараға келген кісі қарасы қалың. Бірақ биыл Кәрі Құрлықта энергетикалық дағдарыс өршіп тұр. Сондықтан жәрмеңкелерде үнемдеу шараларын қолға алуға тура келді. Мәселен, шыршаны бірнеше сағатқа ғана жағады. Не болмаса электр қуатын аз тұтыну үшін жарық диодтары қолданылып жатыр. 

Либор Вотруба, Рождестволық жәрмеңке ұйымдастырушысы:

- Бізге биыл үнемдеуге тура келеді. Өйткені расымен шығын көп. Мәселен, шыршаны жағу үшін күніне 4 еуро кетеді. Жәрмеңкедегі жарықтандыру жүйесіне күн сайын 41 еуро жұмсалады. Сондықтан жарықдиодты технологияларды қолданып, үнемдеуге көштік.