Брюссельде футбол жанкүйерлері тәртіпсіздік орнатты

Қатарда футболдан әлем чемпионатында сынға түскен Бельгия мен Марокко ойыны Бельгиялық команданың жеңілісімен аяқталғаннан кейін ел астанасы Брюссельде жанкүйерлер бүлік шығарды, деп хабарлайды «Хабар 24».    

Оларды тарқату үшін полиция көз жасаурататын газ бен су атқыштарды қолданды. Жергілікті билік тұрғындарды шаһар орталығына шықпауға шақырды. Ал аймақтағы бірнеше метро, автобус пен трамвай стансалары уақытша жабылды. Мамандар оқиғаға қатысты жауаптыларды анықтап жатыр.

Абделла Нади, жергілікті тұрғын:

- Қақтығыс үзіліс кезінде басталды. Тәртіпсіздікті кім бастағанын білмеймін. Өзіміз де аң-таң болдық. Бұл ойын ғой, оны қабылдай білуіміз керек.