Францияда билік заңсыз қару-жарақты қабылдап жатыр

Францияда заңсыз қару-жарақаты жинау науқаны жүріп жатыр.

Осыған орай елде 300-ге жуық арнайы орталық ашылған. Тұрғындар тапаншадан бастап отбасылық жәдігерге айналған мылтық және басқа да қаруларын өткізіп жатыр. Апта басында басталған шара барысында 65 мыңға жуық қару мен жарты миллиондай оқ-дәрі тапсырылған. Жалпы сарапшылар ел аумағында  6 миллиондай заңсыз қару бар болуы мүмкін деп отыр.

Лайонел, жергілікті тұрғын:

- Заңсыз қаруды жинау науқаны жарияланғаны қандай жақсы болды. Үйімде естелікке берілген қару бар еді. Одан көп уақыттан бері құтылғым келген.  Қазір заңды түрде өткізудің сәті түскеніне қуаныштымын.