Әлем экономикасының дамуы баяулайды

Келесі жылы әлем экономикасының дамуы 2 проценттен төмен болуы мүмкін.

Халықаралық валюта қоры сарапшылары осылай деп болжап отыр. Мамандар бұған Украинадағы қарулы қақтығыс пен Еуропа, Қытай және АҚШ-тағы дамудың баяулауы себеп дейді. Әсіресе Қытай экономикасының бәсеңдеуіне алаңдаулы. Еске сала кетейік, Халықаралық валюта қоры әлем экономикасының дамуына қатысты соңғы болжамын қазан айында жариялаған болатын. Ол кезде сарапшылар дүние жүзі экономикасының дамуы 0,2 пайыздай төмендеп, 2,7 проценттей болады деп айтқан еді.