ШҚО-да қар көшкіні жүруі мүмкін

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні болуы мүмкін.

Табиғи апат 325 тау бөлігіне және 7 елді мекенге нақты қауіп төндіріп тұр. «Қазселденқорғау» мекемесінің бригадалары қазір шыңдарды қардан тазартып, бұл бағытта қызу жұмыс істеп жатыр. Қараша айынан бері тау басында 5 жарылыс жасалып, 4 мың текше метрден астам қар түсірілген. Алдағы екі күнде ақ ұлпа  көп жиналатын аймақтарда тағы да  жару жұмыстары қолға алынады. Мамандар алдағы жұмаға дейін үлгеруі тиіс. Өйткені қазір бірнеше күнге созылған үскірік аяздың беті қайтып, өңірде күн тез жылына бастады. Сондықтан демалыс кундері тау шаңғысы курорттарына адамдар көптеп келеді деп күтілуде.