Энергетикалық қауіпсіздік мәселесі әлем үшін өзекті болып отыр

Энергетикалық қауіпсіздік мәселесі әлем үшін өзекті болып отыр

Әлемдегі тұрақсыз геосаяси жағдайлардан соң көптеген мемлекеттер үшін энергетикалық қауіпсіздік мәселесі алдыңғы орынға шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл ретте Орталық Азияның маңызы арта түсті дейді АҚШ-тың сарапшылары.  Өйткені өңірде табиғи байлықтар, мұнай мен газ жеткілікті. Оны адамзат баласының игілігіне игеру үшін алпауыт елдер өзара тілтабысып әрекет етуі керек.  Вашингтонда «Орталық Азия: 21 ғасырдағы энергея көзі» тақырыбында конференция өтті. 

Орталық Азия аймағындағы мемлекеттердің қойнауы қазба байлықтарға бар. Әсіресе, бүкіл Европа зар болып отырған көгілдір отынның мол қоры да осында. Сондықтан өңірге қызығушылық, жуан мемлекеттер арасындағы бәсеке арта береді. АҚШ-тағы сарапшылар осылай дейді.  Қарт құрлық қыста қатып қалмас үшін газдың қырық пайызын Ресейден алып келген. Украина соғысынан кейін бұл көрсеткіш екі есе азайды. Енді Европаға балама табу керек. 

Себастьен Пейруз, IERES халықаралық қатынастар мектебі, орталық азия бағдарламасының  зерттеушісі:

- Европалық одақ үшін энергетикалық қауіпсіздік аса маңызды мәселеге айналды. Сондықтан одақ Орталық Азиядан оның ішінде Қазақстаннан қалай және қандай көлемде көмір сутегі импорттай алады деген мәселе туындап тұр.

Америкалық сарапшылар Қытай да Орталық Азиямен әріптестікті түрлі салада тереңдеткісі келетінін айтады. Екі реттік мерзімді ауыстырып, шексіз билік қолына тиген Қытай Төрағасы Си Цзиньпиннің алғашқы сапарын да Орталық Азиядан бастағынына назар аударып отыр. 

Даниэл Уитт, сарапшы: 

- Орта Азия алпауыт мемлекеттердің тартысына емес, шынайы бәсекенің орталығына айналуы тиіс. Қытай қазір әлемде аса белсенділік танытып жатыр. Кейбір мәліметтер бойынша аймаққа 60 миллиард инвестиция құйған. Үлкен 7-лік те дамушы елдерге инвестиция салуды арттырды.

Уеслей Хил, Халықаралық салық және инвестиция орталығының бас менеджері:

- Қытайдың Орталық Азия үшін және Орталық Азияның Қытай үшін қаншалықты маңызды екені түсініктіӨңірге мол инвестиция сала бастады. Бұл өңіринвесторлардыңҚытай мен  Америка секілді державалардың кеңірек бәсекелесетін аймағы болмақ. Бірақ олар геосаяси ортақ игілікті сақтауы керек.

Демек, Орталық Азия елдері үшін мұндай бәсекеден маңызды жобаларды жұзеге асыруға үлкен мүмкіндіктер ашылады. Дәстүрлі энергия көздері ғана жасыл энергетияны дамытып, тың технология енгізуге болады.

Авторы: Нұрбек Бекен