Оңтүстік Кореяда босқындар қауымдастығы құрылды

Ол еркін солтүстіккореялықтардың дүниежүзілік федерациясы деп аталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа ұйымның құрылтайы Сеулде өтті. Оның президенті болып Солтүстік Кореяның бұрынғы барлау офицері Ким Кук Сон сайланды. Ол оңтүстікке 2014 жылы қашып келген екен. Бірлестік өкілдерінің айтуынша, қазір Оңтүстік Кореяда солтүстіктен келген 35 мыңға жуық босқын тұрады. Дүниежүзілік еркін корейлер федерациясы КХДР-дан келген мигранттарға білім алуға және жұмысқа орналасуға көмектеседі. Бірлестіктің саяси мақсаты да бар – екі Кореяның бейбіт түрде бірігуіне ықпал ету.

Чон Гван Хун, Корея Христиан кеңесінің президенті:

Егер екі Корея біріксе, Оңтүстік Корея тұрғындары Солтүстікте не істейтінін емес, босқындар отанына оралып, саясатты, экономиканы, қоғамды, армияны, дипломатияны, мәдениет пен білімді дамытып жатқан туралы ойлауымыз керек. Ол үшін КХДР-дан келген босқындарды оқытамыз.

Ким Кук Сон, Еркін солтүстіккореялықтардың дүниежүзілік федерациясы:

Қазір Оңтүстік Кореяға көшу бұрынғыдан әлдеқайда қиын. Ким Чен Ын шекараны сыммен қоршап тастады. Солтүстіккореялықтардың көпшілігі Қытайға кіру үшін шекаралық АмноккАн және ТумангАн өзендерін кесіп өтеді. Одан кейін олар Қытайдағы Юньнань провинциясынан өтіп, өзге елдер арқылы Кореяға келеді.