Бейжің қаңырап қалды

Коронавирустың салдарынан Қытай астанасы тағы қаңырап бос қалды.

Билік өкілдері елдегі шектеу шараларын жеңілдеткенімен, жұрт көшеге шықпайды. Вирус жұқтырып аламын ба деп қауіптенеді. Сондықтан алып шаһардың көрнекі орындары, ойын-сауық орталықтары мен мейрамханаларында қазір адам қарасы өте аз. Жеңілдетілген шектеу шаралары бойынша енді музей, театр мен сауық орындарына кірерде тұрғындардан тест талап етілмейді. Ковид-төлқұжатын да көрсетудің қажеті жоқ.