Украинаға көмек орнына несие берілетін болды

Еуропалық кеңес келесі жылы Украинаға 18 миллиард еуро бөлу жөнінде шешім қабылдады.

Алдағы аптада құжатты Еуропарламент мақұлдауға тиіс. Осыдан кейін қаржы несие ретінде беріледі. Қаражат Украина халқының шұғыл қажеттіліктері мен маңызды инфрақұрылым нысандарын қалпына келтіруге жұмсалады. Бірер күн бұрын Еуроодақ елдері осы мәселе бойынша ортақ мәмілеге келе алмаған еді. Өйткені Венгрия қарсы болды. Қарулы қақтығыс басталған 10 ай ішінде Еуроодақ Украинаға 9 миллиард еуро көлемінде қаржылай көмек көрсеткен.