Үндістанда ыстық пен найзағайдан 2200 адам қайтыс болған

Үндістанда биыл аптап ыстықтан және найзағай түсуінен 2200 адам қайтыс болды.

Статистикаға сүйенсек, кейінгі уақытта кісі өлімі көбейген. Сарапшылар бұған климаттың өзгеруі себеп дейді. Соның салдарынан су тасқыны мен аптап ыстық секілді табиғат апаттары жиілеп кеткен. Мәселен, биыл көктемнің алғашқы айы кейінгі 100 жылдағы ең ыстық наурызға айналды. Үндістанмен көршілес Пәкістанда да жағдай қиын. Биыл мұнда алапат тасқын кезінде елдің үштен бірін су басып, бір жарым мыңнан аса адам опат болды.