Дрездендегі шабуыл

Дрездендегі шабуыл

Дрезденде оқ атып, елдің есін шығарған адамның өзі, көз жұмды.

Ол алдымен радиостанцияға кірмек болған. Бірақ ғимарат ішіне өте алмай, сауда орталығына барған. Онда 2 кісіні, кепілге алады. Абырой болғанда, олардың ешқайсы жапа шекпеген. Кейін қаскөйдің үйінен оның өз анасының мәйіті табылды. Арнайы операция кезінде ер адам жараланып, кейін көз жұмды. Оның мұндай әрекетке неге барғаны әзірге белгісіз. Психикалық ауруға шалдыққан болуы да мүмкін.